Nutrilon

Компания туралы

Nutricia тарихы

Балалар тамағы өндірісінің танылған көшбасшыларының бірі Nutricia компаниясы өзінің жолын шағын голландтық Зотермеер қалашығында бастады. 1896 жылы Мартинус ван дер Хаген әлемде тұңғыш болып емшектегі балалар үшін құрамы жағынан ана сүтіне ұқсас арнайы сүт өндіру құқығына ие болды. Қазір Nutricia өнімдері әлемнің 130 елінен астамда ұсынылады, ал оның жалпақ сұрыпталымы балаларға арналған және емдік тамаққа мұқтаждардың барлық қажеттіліктерін ескереді.

Өткен ғасырдың екінші жартысының барысында Nutricia халықаралық компанияға айналды. Арнайы тамақтандыруды қажет ететіндердің барлығының қажеттіліктерін ескеретін ауқымды өнімдер сұрыпталымы әзірленді.

1997 жылы Nutricia компаниясы «Корольдік» атағына ие болды. Тап сол жылы компания атауын Royal NUMICO NV деп өзгертті. «Корольдік» атағы – Нидерландта ерекше атақ, оны алу оңай емес. Тек 100 жыл бойы елдің қоғамдық дамуына маңызды экономикалық және саяси үлес қосқан компаниялар бұл марапатқа лайық деп танылады.

2007 жылдан бері Nutricia Danone халықаралық компаниялар тобына кіреді, Danone бөлімшесі – балалар тамағы өнімдерін өндіруде маманданатын Nutricia Early Life Nutrition болып табылады.

Nutricia Қазақстанда

Өткен ғасырдың екінші жартысының барысында Nutricia халықаралық компанияға айналды. Арнайы тамақтандыруды қажет ететіндердің барлығының қажеттіліктерін ескеретін ауқымды өнімдер сұрыпталымы әзірленді.

Бүгін Danone Nutricia Early Life Nutrition:

21

Балалар тағамын өндіру бойынша 21 зауыт

49

сүт зауыты

Ғұмыр үшін бірінші

Біз әрбір жаңа ҒҰМЫР дені сау болашаққа лайық екеніне және оның көп жағынан алғашқы күндерден бастап дұрыс тамақтандыруға байланысты екеніне сенеміз. Біз сәбилер өз ғұмырының алғашқы сәттерінен бастап тек жақсысын алуына өз үлесімізді қоса аламыз және қосуға тиіспіз, біздің миссиямыз міне тура осыны негізге алады. Nutricia емшек емізуді қолдайды және оның маңызын ұғынады, ал ол мүмкін болмаған уақытта – аналарға көмекке келеді. «Ғұмыр үшін бірінші» болу біз үшін ең басынан – жүктілік сәтінен бастап және одан әрі даму және өсу үшін сәтті бастауды қамтамасыз ету үшін балақайдың ғұмырының алғашқы 1000 күнінің барысында ана мен сәбидің қасында болу дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, біз компаниямыз аналар мен балаларға олардың жолының басында бала дені сау болып өсуі және анасымен бірге алғашқы танып-білгеніне қуануы үшін, «Ғұмыр үшін бірінші» болғанын қалаймыз.

/uploads/history_1_11a817d2e1.jpg

Балалар үшін бірінші болу

Компания ретінде, біз «Балалар үшін біріншіге» айналып, олардың бұл дүниедегі алғашқы қадамдарын қолдауға ұмтыламыз. Сәбидің дамуы балақан алғаш рет көзін ашатын, анасының даусын еститін, басын ұстайтын, аунайтын, күлетін, «Агу» дейін, өзінің алғашқы қадамын жасайтын көптеген алғашқы сәттерден тұрады. Бұл алғашқы танып-білудің барлығы баға жетпес және біз дұрыс тамақтандырудың көмегімен оларға қолдау көрсетуге тиіспіз. Біз сондай-ақ өз білетінімізді бөлісіп, ана мен балаға оның дамуының әр сатысында тек кеңеспен ғана емес, сонымен қатар онымен алғашқы сәттердің бүкіл қуанышына ортақтаса отырып, көмектесуге тиіспіз.

/uploads/history_2_88bccd0596.jpg

Аналар үшін бірінші болу

Компанияның миссиясын іске асыру сондай-ақ «Аналар үшін бірінші» болудв білдіреді. Компания ретінде, біз үнемі ананың қасынан табылуға, оған көмекке келетіндердің біріншісі болуға тиіспіз. Біз оған қиын сәттерде дұрыс ұсыныстамамызбен және ең жоғары стандарттарға сәйкес өнімдер сұрыпталымымен көмектесуге тиіспіз. Біз мынаған сенеміз: біз тек анаға оның сәбиінің денсаулығы және дамуы үшін не керек екенін білумен шектелмеуге тиіспіз – біз оның сезімдерін, күмәндарын, толқуын түсінуге, ол үшін өзінің сәбиі не екенін ұғынуға тиіспіз. Біз әр ана өзін ерекше сезінгенін, өзін қадірлегенін, өзін мақтан тұтқанын қалаймыз және ол үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

/uploads/history_3_f118e466e4.jpg

Связаться