Әйтеуір тоғыз ай да өтті-ау! Аяқ-қолыңызды бауырыңызға алдыңыз, алда сізді жаңалықтарға толы қуанышты сәттер, әрине, барынша қамқорлық жасау күтіп тұр! Көптеген нәрсені біліп, көптеген істі үйренуіңізге тура келеді. Баланың денсаулығын қалыптастырудағы аса маңызды кезең бала өмірінің алғашқы 1000 күні, яғни бала біткен күннен бастап 2 жылға дейінгі уақыт болып табылады. Осы кезеңде баланың барлық органдары мен жүйелерінің негізі қаланып, қалыптасып, өседі. Алғашқы 1000 күнде баланың өмірінде орын алған жәйттардың барлығы болашақта денінің сау болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбидің ғұмырының алғашқы 6 айында оны тек қана ана сүтімен тамақтандыруға кеңес береді. «Нутриция» компаниясы бұл ұсыныстамаларды толық қолдайды және қосымша тамақтандыруды енгізгеннен кейін емшек емізуді жалғастыруға кеңес береді. Сіздің сәбиіңіз үшін тамақтандыру жөнінде дұрыс шешім қабылдау үшін, біз өздеріңіздің педиатрыңызға жүгінуді ұсынамыз!
Құрметті ата-аналар, Сіздер туғаннан бастап үш жасқа дейінгі (не одан үлкен) балаларды тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы бөлімге көшейін деп отырсыздар. Өз балақайыңыздың тамағына қатысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін, біз әрқашан өз педиатрыңызға жүгінуге кеңес береміз. Кішкене жастағы балаларды тамақтандыруға арналған өнімдерді пайдаланатын кезде, қолдану және дайындау, сондай-ақ тамақтандыру және сақтау жөніндегі ұсыныстамаларды ұстануды өтінеміз.
Өзіңіздің жеке сұрауыңыз бойынша туғаннан бастап тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы ақпарат алу үшін, «Жалғастыру» түймешігін басыңыз.