АЛИЯ СУЛТАНОВА,
БАЛАЛАР ТАМАҒЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ
жай күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін
сенбі 9.00-ден 15.00-ге дейін
8 (800) 070-11-78 - қазақстанның аумағы бойынша қалалық және мобильді телефондардан қоңырау тегін.
8 (701) 981-09-37 - WhatsApp.
327-28-82 - Алматы қаласы бойынша.
Егер сіздің сәбиіңіз ғұмырының алғашқы жарты жылында ай сайын кем дегенде 500 грамм қосса, және жас шамасына сәйкес дамыса, онда оған сүт жеткілікті екеніне сенімді болыңыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 7 – 8 мәртеден кем болмауға тиіс. Сәбидің дәреті дербес, ботқа тәрізді болуға тиіс.
Ана сүті – бірегей өнім. Ол балақай үшін ғұмырының алғашқы айларында қатарынан тамақ та, сусын да болып табылады. Оның құрамында 90% дейін су болады. ДСҰ емшек балаларға алты айға дейін су ішкізбеуге кеңес береді. Емшек еметін балақайларға суды ауырған уақытта және күн ыстық болған кезде ұсыну қажет.
Анада оның организміндегі гормоналдық қайта құруға байланысты лактациялық криздер пайда болуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Әдетте, олар 3-4 күнге созылады және босанғаннан кейін 4-ші, 8-ші және 12-ші апталарда пайда болады. Алайда, сүттің біржола жоғалмайтынын білу қажет. Лактацияны жөнге келтіру үшін, бұл кезеңде сәбиге жиірек емшек тосу (талап еткенде), емізудің ұзақтығын ұлғайту керек. Түнгі емізу міндетті (3-тен 6.00-ге дейін – 2 рет). Егер ана өзінің сәбиін таңның алдындағы уақытта ең болмағанда екі рет емізетін болса, онда күндіз сәби оған қанша керек болса, сонша сүт ала алады. Сәбиге емізіктер бермеу керек, олар емшек емізу процесіне теріс ықпал етуі мүмкін. Лактация жеткіліксіз болған кезде, ананың рационына ақуыздарға, майлар мен дәрумендерге бай өнімдерді қосқан дұрыс. Анаға толыққанды тынығу қажет. Сәбимен бірге күндіз ұйықтауға кеңес беріледі.
Сәбидің әр емізген сайын қанша ана сүтін алатынын түсіну үшін, бақыламалық салмақ өлшеуді жүргізу керек. Сәбидің салмағы емізердің алдында және емізгеннен кейін бірден өлшенеді. Күні бойы алынған тамақтың көлемін бағалаған дұрыс. Ол үшін түнгі емізуді қоса алғанда, сәбидің салмағы тәулік бойы өлшенеді. Баланы тек Сіз ана сүті оған жеткіліксіз және Сіздің сүт көлемін ұлғайтуға талпыныстарыңыз бос әуре екеніне көз жеткізгеннен кейін қосымша тамақтандыруға болады. Сіздің сәбиіңіз үшін жарайтын сүт қоспаны таңдауға тек педиатр көмектеседі! Қоспа таңдау кезінде дәрігер сәбидің аллергияға бейімділігін анықтайды және басқа факторларды (құсуды, ішектің жұмысындағы ерекшеліктерді және т.б.) ескереді.
Емшек емізуді ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ болған және қосымша тамақтандыру немесе жасанды тамақтандыруға көшу мәселесі шешілетін уақытта, «қандай қоспа таңдау керек?» деген сұраққа өте жауапты қарау керек.
Ең дұрысы, сәбиді байқайтын және қоспаны оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, таңдай алатын педиатрға жүгіну керек, өйткені ана сүтін алмастырғыштар дені сау балаларды емізуге арналған базалық қоспалар; ерекше диеталық қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы емдік қоспалар; профилактикалық болып бөлінеді. Бұл қоспалардың барлығы тек құрамы жағынан ғана емес, сонымен қатар дәмдік қасиеттері жағынан да бір бірінен өзгешеленеді. Дұрыс таңдалған тамақ – Сіздің сәбиіңіздің болашақтағы денсаулығының кепілі екенін ұмытпаңыз.
Ғұмырдың алғашқы жылы ең көп тараған реакциялардың бірі сиыр сүтінің ақуызына аллергия болып табылады. Егер Сіз сәбидің аллергиялық реакциясын байқасаңыз, арнайы тамақ таңдау үшін, маманға жүгініңіз.
Қоспаны біртіндеп, дұрысы, адаптацияның қалай жүріп жатқанын қадағалау үшін, күннің бірінші жартысында енгізу керек. Жаңа қоспа сәбиге үйреншікті қоспамен тамақтандырудың алдында жаңа құтыдан ұсынылады. Жаңа қоспаның көлемін ұлғайту барысына қарай, үйреншікті қоспаның көлемі азайтылады
Қоспалар мен ботқалардағы барлық өсімдік майлары сәбидің өсуі және жетілуі үшін қажет. Пальма майы энергия көзі болып табылады және А, D, E дәрумендерінің қорын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пальма майы пальмитин қышқылының көзі болып табылады. Өсімдік майларының кешенін пайдалану сүт қоспасы мен ботқа негізінің құрамын ана сүтінің құрамына және қасиеттеріне жақындатуға мүмкіндік береді.
Қоспалар мен ботқаларда барлық өсімдік майлары баланың өсуі және дамуы үшін қажет. Пальма майы жігер көзі болып табылады және А, D, E дәрумендерінің қорымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пальма майы пальмитин қышқылының көзі болып табылады. Өсімдік майларының кешенін пайдалану сүт қоспасының құрамын және ботқа негіздерін ана сүтінің құрамы мен қасиеттеріне жақындатуға мүмкіндік береді.
Глютен – бидай мен арпада болатын дәнді дақылдардың ақуызы. Бұл ақуыз дені сау сәби үшін қауіпсіз, бірақ қосымша тамақтандыруды глютенсіз ботқалардан бастау керек. Глютен қосылған ботқаларды кейінірек, сәбидің ферменттік жүйесі дайын болған уақытта енгізген дұрыс.
ARA/DHA (арахидон және докозагексаен қышқылдары) – бас мидың және көздің дамуына болысатын ерекше майлы қышқылдар, бұл сәбидің ғұмырының алғашқы жылы ерекше маңызды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғұмырдың алғашқы 6 айында емшек емізуге кеңес береді. Қосымша тамақтандыруды одан кейін, емшек емізуді жалғастыра отырып, енгізу керек. Ресейлік нормалар қосымша тамақтандыруды енгізуге төрт ай өтісімен рұқсат етеді, бірақ, жалпы алғанда, бұл дара шара және дәрігермен талқылануға тиіс. Барлық қосымша тамақ өнімдері біртіндеп, ½ шай қасықтан бастап енгізіледі. Алғашқы көкөніс езбесін немесе ботқаны енгізу екі аптаға жуық созылады.
Кез келген жаңа өнімді тек сәбидің дені сау уақытта енгізуге болады! Қосымша тамақтандыруды енгізуді моноөнімнен, шағын көлемнен бастау керек. Егер сәбиде өнімге төзімсіздік жоқ болса, оның көлемін біртіндеп ұлғайтуға болады. Жаңа қосымша тамақ оның алдындағысын енгізгеннен кейін 2 аптадан соң енгізіледі. Қосымша тамақ әрқашан тек қасықтап беріледі. Қосымша тамақты емшек немесе қоспа емізуге дейін де, тап солай одан кейін де беруге болады. Бұл сәбиге байланысты.
Қосымша тамақты егер:
Ас қорыту процесі ауыз қуысының өзінде басталады. Ас алдымен сілекеймен өңделеді. Сілекейде тамақ түйінін қалыптастыратын және жабыстыратын қажетті заттектер бар. Сондай-ақ сәби шайнау машықтарын жаттықтырады.
Мамандардың соңғы ұсыныстамалары бойынша, қосымша тамақтандыруды сүтсіз глютенсіз ботқалардан: қарақұмық, күріш және кейінірек жүгері ботқасынан бастап енгізу керек. Ботқамен күніне бір рет тамақтандыру керек. Егер сәби салмақты нашар қосса, дәрігер ботқа қабылдауды күніне екі ретке дейін ұлғайтуға кеңес беруі мүмкін.
Шыдамды болыңыз. Жаңа дәмді «қабылдау» үшін 8-10 рет (кейде 12-15 рет) байқап көру қажет болуы мүмкін. Егер қосымша тамақты енгізуге талпыныстар сәтсіз аяқталса, аздаған үзіліс жасаңыз, содан кейін тамақты қайтадан ұсынып көріңіз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбидің ғұмырының алғашқы 6 айында оны тек қана ана сүтімен тамақтандыруға кеңес береді. «Нутриция» компаниясы бұл ұсыныстамаларды толық қолдайды және қосымша тамақтандыруды енгізгеннен кейін емшек емізуді жалғастыруға кеңес береді. Сіздің сәбиіңіз үшін тамақтандыру жөнінде дұрыс шешім қабылдау үшін, біз өздеріңіздің педиатрыңызға жүгінуді ұсынамыз!
Құрметті ата-аналар, Сіздер туғаннан бастап үш жасқа дейінгі (не одан үлкен) балаларды тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы бөлімге көшейін деп отырсыздар. Өз балақайыңыздың тамағына қатысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін, біз әрқашан өз педиатрыңызға жүгінуге кеңес береміз. Кішкене жастағы балаларды тамақтандыруға арналған өнімдерді пайдаланатын кезде, қолдану және дайындау, сондай-ақ тамақтандыру және сақтау жөніндегі ұсыныстамаларды ұстануды өтінеміз.
Өзіңіздің жеке сұрауыңыз бойынша туғаннан бастап тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы ақпарат алу үшін, «Жалғастыру» түймешігін басыңыз.