Nutrilon

Емшек емізу туралы

Емшек емізудің бас жаулары

1. Режим

20-30 жыл бұрын емшек емізетін аналарды жаңа туған нәрестені аш сәбидің сұрағанына көңіл аудармай, қатаң белгілі бір уақыт аралықтары сайын емізуге үйрететін. Сондықтан аға буынның өкілдері (әжелер мен аналар) қатаң емізу режимін жақтайды. Табиғаттың өз заңдарын негізге алатын емшек емізуге деген жаңа көзқарастар бойынша, анаға сәбиді алғашқы талап етуі бойынша күндіз де, түнде де кез келген уақытта емізуге кеңес беріледі. Әр балақайдың өз мінезі, оның өзінің төл биоритмдарына негізделген қажеттіліктері болады.

2. Бос емізіктер, емізіктер, шишалар.

Жаңа туған сәбидің ему рефлексі дамыған, оны анасының емшегі бәрінен артық қанағаттандырады. Кейде әлдебір себептерден сәбиді сүзілген ана сүтімен емізік арқылы шишадан емізуге тура келеді. Мұндай жағдайда сәбиге тою үшін күш салудың керегі жоқ. Балақай осы қиынға түспейтін тою тәсіліне жылдам бой үйретеді және анасының емшегін емуден бас тартады. Бала стоматологтары бос емізікті ему тістеудің дұрыс қалыптаспауына алып келетіні туралы ескертеді. Жиістоматиттерге әкеліп соғады. Дефектологтар мен логопедтер өздеріне емшектің орнына емізіктер мен шишаны пайдаланатын балалармен жиірек көмек сұрап жүгінетінін айтады. Сәбидің ему рефлексі емшек ему үшін дамыған және сүт безін емізікпен ауыстырудың керегі жоқ, оның табиғи жолмен қанағаттандырылғаны дұрыс.

3. Стресс

Ананың эмоционалдық көңіл-күйі лактация процесіне күшті ықпал етеді. Қорқыныш, үрей жай-күйі, депрессия, тым күйгелектік, ашушаңдылық ананың организмінде сүт өндіруді тежейтін стресс гормондарының өндірілуіне себеп болады. Емшек емізу кезеңінде әйелге жанның жайлылығы жай-күйінде болған, мүмкіндігінше көбірек оң эмоциялар алған дұрыс. Өмірде толқыныссыз болмайды. Стресс жағдайында шишаны пайдаланудың керегі жоқ. Сәбиді емшекке жақын жиірек және ұзағырақ ұстауға кеңес беріледі. Емізу ананы тыныштандырады және лактация жылдам қалпына келеді.

4. Ерте қосымша тамақтандыру

Нәресте жасында барлық қажетті заттектерді (суды, майларды, ақуыздарды, көмірсуларды, микроэлементтерді, дәрумендерді, антиденелерді) сәби ана сүтінен алады. Жарты жылға дейін қосымша тамақтандырудың әрбір үлесі анада сүттің секрециясын төмендетеді. Емшек емізуде «сұраныс пен ұсыныс» заңы әрекет етеді.

5. Емізу кезіндегі ыңғайсыздықтар

Емізу уақытында анаға да, балаға да дененің ыңғайлы, жайлы қалпын сақтау қажет. Ананың организміндегі шамадан бұлшық еттің ширығуы лактация процесіне кедергі болады. Педиатрлар жаңа туған нәрестенің ғұмырының алғашқы айларында түнгі емізу де сондай-ақ ана үшін де, сәби үшін де жайлы болуы үшін, анасының қасында қабырғасы түсірілген манежде ұйықтауына кеңес береді.

6. Қатаң диета

Бала емізетін ананың тамағындағы шектеулер туралы ескі көзқарастарға құлақ салудың керегі жоқ. Сан алуан пайдалы тамақ – сүтке нәрлі заттектерді жеткізуші, тиісінше, сәби толыққанды дәруменді қорек алады. Ал анасының көңіл-күйі жақсы, терісінің өңі әдемі, шашы жылтыр және тырнағы мықты болады.

7. Анасы сәбиімен үйден шықпайды

Физикалық белсенділік және жағымды араласу сүт секрециясының деңгейін жоғарылатады. Бұл дәлелденген және тексерілген.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер:

  • Мақаланың авторы: Никитина Елена Брониславна - м.ғ.к., доцент, АИСТ Отбасын қолдау орталығының Директоры. +7 (701) 311 00 86; +7(727) 328 18 48

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың тамағы.

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті неге жақсы

Связаться