Nutrilon

Емшек емізу туралы

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың қалай тамақтануы керек? Сан алуан және рақатпен тамақтану керек.

Қатаң диеталар мен калорияларды санау нашар көңіл-күйге және сүт көлемінің төмендеуіне әкеліп соғады. Советы по исключению из рациона каких-либо продуктов не обоснованы.

Сізге дәмді және жас өнімдер: ет, балық, сүзбе, ірімшік, құрт, айран керек. Жемістер, көкөністер, дақылдар – тек көмірсуларды жеткізушілер ғана емес, олар ішектің жұмысын жандандырады және қорытылғанның барлығын шығарады.

Сұйықтықтың жеткілікті көлемін ішіңіз. Шырындар, морстар, компоттар сізге көптеген дәрумендер мен микроэлементтер береді.

Майлар маймен, жаңғақтармен, қаймақпен келіп түседі. Майлы тамақты тым көп жеудің керегі жоқ. Сізге сымбатты дене керек, ал май қорлары жүктілік уақытында түзілген, қазір оларды организм сүт секрециясы үшін пайдаланады.

Толыққанды сан алуан тамақ анаға денсаулық пен сұлулықты, таза теріні, жылтыр шашты, мықты тырнақты, бүтін аппақ тісті, қыпша белді және басқасын қамтамасыз етеді.

Бала емізетін ана үшін рационда тыйым салынатын не бар?

Басқа отбасы мүшелері үшін не зиянды болса, оған да тап сол зиянды:

  • біркелкі тамақ және ерекше диеталар;
  • көп фаст фуд және консервілер;
  • дәрігер тағайындамаған дәрі-дәрмек;
  • алкоголь және никотин.

Бүкіл отбасына емшек емізу кезеңінде солай тамақтануға кеңес беремін, бәлкім, бұл сіздердің жақсы дағдыларыңызға айналар және бүкіл ғұмыр бойына мықты денсаулық әкелер.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер:

  • Мақаланың авторы: Никитина Елена Брониславна - м.ғ.к., доцент, АИСТ Отбасын қолдау орталығының Директоры; +7 (701) 311 00 86; +7 (727) 328 18 48

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті неге жақсы

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Связаться