Nutrilon

Емшек емізу туралы

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті – балаңызға арналған және өмірінің алғашқы 6 айында қажетті тағамнан тұратын бірден-бір тағам. Сүт құрамында көмірсу, ақуыз, ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылдары, олигосахаридтер, дәрумендер, минералдар және антиденелер кешенімен бірге сәбидің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған нәрлі заттардың керемет үйлесімі бар.

Ана сүті және иммунитет

Уыз (бала туылғаннан кейін ананың организмі бірден өндіретін сары түсті сүт) құрамында зиянды бактерияларға қарсы антиденелер бар. Ол қатты концентрацияланған, сондықтан да бала емген сайын оның аздаған мөлшері ғана қажет, бірақ жиі-жиі болуы керек. Бұл калориясы жоғары тағам алғаш еме бастаған күннен-ақ микробтардан қорғау үшін және әрі қарай аллергияның болу қаупін төмендету үшін баланың ішегін көмкереді.

Кейін де ана сүтімен емізген кезде ана сүтінің құрамында бұрынғыдай антиденелер болады. Егер жаңа инфекция жұқтырып алсаңыз, емшек сүтінде жаңа антиденелер қалыптасып, баланың иммунитетін көтеру үшін олар автоматты түрде балаға беріледі.

Таңғаларлығы – ана сүтінің дәмі ананың тамақтануына байланысты өзгеріп отырады, бұл бала емшектен шыққаннан кейін кез келген тағамды қабылдай алу ықтималдылығын білдіреді>3

Ұзын тізбекті полиқанықпаған майлар (ҰТПҚМ)

Ұзын тізбекті полиқанықпаған майлар баланың миын дамыту үшін маңызды. Зерттеулерге сәйкес, ана сүтінен анықталған екі ҰТПҚМ-ның арахидон қышқылы (АА) және докозагексаен қышқылы (ДГҚ) сияқты ерекше екі маңызды заты белгілі болды1. Сондай-ақ жүктілік және бала емізген кезде ҰТПҚМ-ны көп мөлшерде пайдалану миды, көру қабілеті мен қозғалу дағдыларының дамуына ықпал етіп, баланың өсіп-жетілуі үшін пайдалы екендігі дәлелденген 2.

Зерттеу нәтижелері ҰТПҚМ-ның балаңыздың өсіп-жетілуі үшін пайдалы болуы мүмкін екендігін растап отыр. Рационыңызға ҰТПҚМ-ны қосудың негізгі тәсілдері – балық, жұмыртқа және етті пайдалану. Скумбрия, сардина, тунец және арқанбалық тәрізді майлы балық арахидон қышқылы, сондай-ақ докозагексаен қышқылының қайнар көзі болып табылады. Сондай-ақ ҰТПҚМ организмде таптырмайтын май қышқылдарынан түзілуі мүмкін, олар жасыл жапырақ, жаңғақтар, өсімдік майы мен шекілдеуікте бар. Алайда осы өнім құрамындағы майларды пайдалы докозагексаен қышқылына айналдыру процесі тиімсіз, өйткені майлы балық оның ең жақсы қайнар көзі болып табылады.

Антиденелер

Ана сүтінің құрамында баланың иммундық жүйесін сақтауға көмектесетін антиденелердің көп мөлшері бар.

Май құрамын өзгерту

Емшек сүтінің құрамындағы май мөлшері жеке-жеке емізген кезде, сондай-ақ күні бойы (24 сағат) бір рет емізгеннен бастап келесі жолы емізгенге дейін өзгереді. Майлылығының бұлайша өзгеруін ана сүтінің консистенциясынан анықтауға болады. Ол анағұрлым сұйық, су тәрізді болуы мүмкін, ал құрамындағы май көбейген кезде тығыз, крем тәрізді болады.

Нуклеотидтер

Ана сүті иммундық жүйені қоса алғанда, организмдегі барлық жасушалар үшін құрылыс блогы болып табылатын нуклеотидтерге бай. Зерттеулерге сәйкес, нуклеотидтер организмді инфекциядан қорғап, иммундық жүйедегі белгілі бір жасушалардың белсенділігін қолдайды.

Олигосахаридтер

Ана сүтінен анықталған олигосахаридтер баланың микрофлорасының саулығын сақтауға, зияны жоқ бактериялардың деңгейін арттыруға, ықтимал зиянды бактериялардың деңгейін төмендетуге көмектеседі. Пайдалы бактериялар сіңіретін олигосахаридтерді күнде тұтыну асқорытуға пайдалы әсер етіп, иммундық жүйені сақтауға көмектеседі, бұл ана сүтінің іске асыратын екі маңызды қызметі.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер:

  • JensenRG. Сүт құрамы жөніндегі анықтамалық.
  • Еуропаның азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ведомствосы. Диеталық өнімдер, тамақтану және аллергия бойынша орган. Ғылыми пікір: Докозагексаен қышқылы және арахидон қышқылы, көру қабілетінің дамуы. EFSAJournal 2009, 941: 1-14.
  • Балалардың дәм сезуі: дамуы және функционалды мәні. Digestion. Mar 2011; 83(Suppl 1):1–6.

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың тамағы.

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Связаться