Nutrilon

Емшек емізу туралы

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Ана сүті – бала үшін ең жақсы тағам екені сөзсіз, ана үшін де, бала үшін де табиғи. Бірақ кез келген нәрсеге дағдыланған секілді оны игеруге де аздаған уақыт керек. Сондықтан да бастапқыда қиын болып көрінсе, көңіліңіз қалмасын.

Берілген кеңестерге құлақ ассаңыз, емізу дағдысын қалыптастырасыз:Берілген кеңестерге құлақ ассаңыз, емізу дағдысын қалыптастырасыз:

  • Сүйеніп отыруға болатын креслоға немесе арқаңызға жастық қойып, ыңғайланып отырыңыз.
  • Баланы өзіңізге жақындатыңыз, баланың мұрны емшектің ұшына тиіп тұруы керек.
  • Баланың басын аздап төмен түсіріңіз, жоғарғы ерні емшектің ұшына тиіп тұруы керек. Бұл баланың аузын ашуына көмектеседі.
  • Мойны мен иығын қолмен ұстап тұру керек, ал басы емін-еркін қозғалуы тиіс.
  • Аузын кеңінен ашқан кезде, баланы емшегіңізге тақаңыз (керісінше жасамаңыз).
  • Баланы дұрыс емізген жағдайда астыңғы ерні сыртқа шығып, ареолдың көрініп тұрған аймағы (емшектің айналасындағы қоңыр тері) баланың жоғарғы ернінен жоғарыда тұрады.
  • Емген кезде баланың беті томпайып, домаланып тұрады. Сондай-ақ баланың ішке жұтып жатқанын білдіретін құлағының қозғалысына да назар аударыңыз.
  • Еміп жатқан кезде баланың денесі анасына қарап тұруы керек, сондықтан да баланың іші сіздің денеңізге қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Емген кезде баланың қолын емін-еркін сермеуіне мүмкіндік беріңіз. Бала емшекті қысқанда немесе оған жанасқанда, сүтіңіздің бөлінетінін байқайсыз.

Емізудің бірнеше қалпы бар. Бұл қалыптардың біреуі сізге жарамаса, басқасын байқап көріңіз. Баланың басы мен денесінің тік сызықтың бойында тұрғанына, бала емшек іздеген кезде мойнын, иығы мен арқасын ұстап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

Ыңғайланып отырсаңыз, балаңыз барынша жақсылап емеді. Емізген кезде болатын ауру сезімі баланы дұрыс емізбеу салдарынан орын алуы мүмкін, мұндай жағдайда отырған қалпыңызды өзгертіңіз. Емшегіңізді баланың аузынан шығару үшін емшектің ұшы мен баланың аузы арасынан саусағыңызды ақырындап өткізіңіз де, баланы ыңғайлап ұстауға тырысыңыз. Өзіңіз де жайланып отырыңыз!

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың тамағы.

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті неге жақсы

Связаться