40 жыл бойы ана сүтін зерттеу

"NutriciaResearch" компаниясы ана сүтінен шабыт алып, 40 жылдан аса уақыт бойы зерттеп келеді. Біз жаңаша әзірлемелер мен дамуға ықпал еткен ауқымды ғылыми тәжірибе жинадық. Қызметіміздің нәтижесінде ана сүтінің ақуызы, пребиотикалық олигосахаридтер, пайдалы бактериялар мен микроэлементтер туралы, соңғы уақыттарда ана сүтінің майлы компоненттерінің кешенді құрылымының рөлі туралы негізгі мәліметтер қамтылған.

Осы күнге дейін кешенді анализден бастап сүт құрамында болатын пайдалы ингредиенттерді зерттеуге дейін бұл салада 150-ден аса жұмыс жарияланды. Біз заманауи аналитикалық жабдықтар мен ноу-хауды пайдалана отырып, ана сүтінің құрамы мен пайдасына қатысты жаңа зерттеулерімізді жүргізуді жалғастырып келеміз.

Ғаламдық, көп функционалды топтың құрамында аналитика, иммунитет, микробиология, метаболизм және психология сияқты бірқатар сала жөніндегі сарапшылар бар. Сонымен қатар біз білгенімізді денсаулық сақтау саласындағы мамандармен бөлісеміз және бүкіл әлемдегі ғалымдармен ауқымды серіктестік қатынастарды жолға қойдық.

1977

Ана сүтін компанияның зертханаларында зерттеу жетпісінші жылдары жүргізілген. Біз сүт қоспасындағы казеин мен сарысудың арақатынасын жақсартқандардың алғашқысы болдық, соның арқасында ана сүтіне анағұрлым сәйкес келетін ақуыз профилін алдық1.

1983

Ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылдары (ҰТПМҚ) полярлық және полярлық емес липидтерге ерекше болып таралатынын анықтап, ҰТПМҚ-ның функционалды ерекшеліктері липидтердің формасына байланысты болатынын дәлелдедік 2

1994

Ана сүтінің құрамындағы генетикалық детерминацияланған олигосахаридтердің (HMOS), оның ішінде жақында ғана анықталған ұзын тізбекті HMOS күрделі спектрін сипаттаған алғашқы компания болдық3

2003

Ана сүтінің құрамынан қолайлы микробты экожүйелер арқылы сәбиге жасалатын қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін лактобактериялар мен бифидобактериялар сияқты пайдалы бактерияларды анықтадық4

2010

Емшек емген кезеңде емшек сүтінде болатын олигосахаридтердің сапасы мен мөлшерінде белгілі бір айырмашылықтардың болатынын көрсеттік. Сонымен қатар, басқа зерттеу топтары 1997 жылы анықтаған олигосахаридтердің 4 түрлі тобы сәбидің жеке микробиотасына тікелей әсер ететінін дәлелдеді 5,6

2016

Компания мамандары 600-ге жуық жаңа ақуызды анықтады, соның нәтижесінде ана сүтінің құрамынан анықталған ақуыздың жалпы мөлшері енді 3500-ден асты. Бұл ретте ана сүтінің ақуыз құрамы туралы білім айтарлықтай кеңейген7

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер

1Wemmer U. Meb Fortschr Med 1977;95(7):441-6.
2Harzer G, et al. Am J Clin Nutr 1983;37(4), 612-21.
3Stahl B, et al. Anal Biochem 1994;223(2), 218-26. .
4Martin R, et al. J Pediatr 2003;143(6), 754-58.
5Thurl S, et al. Br J Nutr 2010;104:1261–71.
6Coppa GV, et al. JPGN. 2011.
7Van Herwijnen MJ, et al. Mol Cell Proteomics 2016;15(11):3412-23.