5 айдан асқан балаларды тамақтандыруға арналған, тез еритін, төмен аллергенді, сүтсіз, құрғақ Nutrilon® жүгері ботқасы.
Көлемі: 180 гҚант қосылмаған*
Пальма майы қосылмаған
Консерванттар қосылмаған
Біз шикізатты мұқият іріктеп, балалар ботқасын жоғары сапа стандарттары бойынша өндіреміз! Ботқалардың әр легі Еуропа мен Ресей Федерациясының тағамдық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді және олардың физика-химиялық, микробиологиялық параметрлері тексеріледі.
Баланың тиімді өсіп-жетілуі, дамуы және денсаулығы жақсы болуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмірінің алғашқы 6 айында тек емшек емізуді, кейін емшек емізуді жалғастыра отырып, қосымша тағам енгізуге кеңес береді. Nutricia бұл ұсынысты толық қолдайды.
Өнімді пайдаланар алдында маманмен кеңесіңіз.
Дайындау тәсілі:
1. Балалар тағамын дайындау алдында қолыңызды мұқият жуыңыз.
2. Таза ыдысқа температурасы 50 °С-қа дейін салқындатылған 150 мл қайнаған су құйыңыз.
3. Қасықты қайнаған сумен шайып алыңыз. Құрғақ ас қасықпен 22 г (шамамен 3,5 ас қасық) құрғақ ботқаны біртіндеп сеуіп, үзбей араластырыңыз.
4. Ботқаны балаға берер алдында температурасының 36-37 °C екенін тексеріңіз.
Тамақтандыру тәртібі
Егер маманның қосымша ұсыныстары болмаса, жаңа өнімді балаға біртіндеп, бір қасықтан бастап беріп, 5-7 күнде шамамен алғанда, жасына сай тәуліктік нормаға дейін жеткізген жөн:
4 айдан бастап | 150 мл дейін |
8 айдан бастап | 180 мл. |
9 айдан бастап | 200 мл. |
Баланы тамақтандыру мөлшері баланың жасы, салмағы және тәбеті сияқты көптеген факторларға байланысты. Біздің кестеде баланың жасына қарай тамақтандыру жиілігі бойынша болжалды ұсыныстар берілген. Пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн.