БАЛАЛАРДА БОЛАТЫН АЛЛЕРГИЯ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Тамақтан болатын аллергия – нәресте жасында дұрыс тамақтандыру арқылы алдын алуға болатын жағдай.
Өмірінің алғашқы кезіндегі дұрыс тамақтану баланың болашақтағы денсаулығына ұзақ уақыт әсер етеді.

Сүт сарысуының толық гидролизденген ақуызы негізді құрғақ қоспа
Терең ыдыратылған сарысу ақуызының арқасында Nutrilon Пепти Аллергия атопиялық дерматит сияқты аллергияның белгілерін тиімді жеңілдетеді.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУМаңызды! Ана сүті – нәресте жасындағы балаларға арналған ең пайдалы тағам. Пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн.
Аллергиясы бар балалардың аналарын «қосымша тағам беруді қашан және қалай бастау керек, ең бастысы қандай тағамдардан бастау керек? Балаға қандай өнімдер беруге болады?» деген сұрақтар толғандырады.
ТолығырақБаланың аллергиясын емдеудің ең бірінші жолы – диета арқылы емдеу, бұл тамақтан болатын аллергияның белгілерін басуға көмектеседі.
ТолығырақҚымбатты ана, тесттің нәтижесі Сізге аллергияның өрбуінің жоғары тәуекеліне уақытылы назар аударуға және оны төмендетуге тырысуға көмектеседі. Өйткені, ең маңыздысы – дәрігердің консультациясына уақытылы жүгіну және балаға дұрыс тамақ таңдау.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбидің ғұмырының алғашқы 6 айында оны тек қана ана сүтімен тамақтандыруға кеңес береді. «Нутриция» компаниясы бұл ұсыныстамаларды толық қолдайды және қосымша тамақтандыруды енгізгеннен кейін емшек емізуді жалғастыруға кеңес береді. Сіздің сәбиіңіз үшін тамақтандыру жөнінде дұрыс шешім қабылдау үшін, біз өздеріңіздің педиатрыңызға жүгінуді ұсынамыз!
Құрметті ата-аналар, Сіздер туғаннан бастап үш жасқа дейінгі (не одан үлкен) балаларды тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы бөлімге көшейін деп отырсыздар. Өз балақайыңыздың тамағына қатысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін, біз әрқашан өз педиатрыңызға жүгінуге кеңес береміз. Кішкене жастағы балаларды тамақтандыруға арналған өнімдерді пайдаланатын кезде, қолдану және дайындау, сондай-ақ тамақтандыру және сақтау жөніндегі ұсыныстамаларды ұстануды өтінеміз.
Өзіңіздің жеке сұрауыңыз бойынша туғаннан бастап тамақтандыруға арналған Nutrilon® өнімдері туралы ақпарат алу үшін, «Жалғастыру» түймешігін басыңыз.Аллергиясы бар балаларға қосымша тағамды кейінірек бере бастау керек деген пікір бар, десе де бұл қате пікір. Дені сау балалар сияқты мұндай балаларға да қосымша тағамды 6 ай кезінде бере бастаған маңызды. Қосымша тағамды кейінге қалдыру (6 айдан кейін) аллергияға оң әсер етіп, маңызды микро, макро элементтердің тапшылығын тудыруы мүмкін, бұл бойының өсуін және баланың дамуын баяулату сияқты тапшы жағдайлардың қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ анағұрлым қою тағамды шайнау және жұту дағдыларын қалыптастыруды баяулатуға әкеп соғады. Қосымша тағам өнімдерін енгізу аурудың ремиссия кезеңінде, яғни оның негізгі белгілері бәсеңдеген кезде басталады, сондықтан да нақты мерзімі аллергия ауруының ауырлығына байланысты әр бала үшін жеке белгіленеді.
Қосымша тағамды неден бастау керек?
Алғашқы өнімді және қосымша тағамның жеке өнімдерін енгізу реті баланың дене салмағына және асқорыту жүйесінің күйіне (дайын болуына) байланысты.
Олай болса, дене салмағы аз немесе жиі дәретке баратын балаларға алғашқы қосымша тағам ретінде өнеркәсіп өндірген, темірмен, кальциймен, мырышпен, йодпен байытылған ботқалар ұсынылады. Есіңізде болсын, алғашқы ботқа сүтсіз және глютенсіз болуы тиіс. Қалыпты, артық салмағы бар немесе іші қатуға бейім балаларға көкөніс езбесін (кәді, гүлді орамжапырақ, брокколи) берген жөн. Ет езбесін 7-7,5 айдан кейін беру керек. Балаларға сиыр сүтінің ақуызы жақпайтын болса, сиыр етінен, бұзау етінен жасалған ет езбесіне де аллергиялық реакцияның болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Сондықтан үй қояны, күркетауық сияқты ет езбелерінен бастау керек. Жеміс езбесі көкөніс езбесін енгізгеннен кейін, 6,5–7 айдан бастауға болады. Егер баланың аллергиясы гастроинтестинальді белгілер (іш шаншу, іш қату, іш кебу, құсу) түрінде көрініс тапса, дәрігер жеміс езбесін рационға енгізуді 12 айға дейін кейінге қалдыруды ұсынуы мүмкін.
Баланың аллергиялық реакциясы теория жүзінде КЕЗ КЕЛГЕН өнімге байланысты асқынуы мүмкін екендігін есте сақтаған маңызды, сондықтан да жаңа өнімді енгізген кезде 3 ережені ұстаныңыз:
1. Біртіндеп енгізіңіз
1 шай қасықтан бастап, 7 күннің ішінде жас нормасына дейін жеткізіңіз.
2. Монокомпоненттілік
Қосымша тағам өнімінде бір ғана негізгі компонент болуы тиіс, кілегей, сүзбе және т.б. қосылмауы керек.
3. Гипоаллергендік
Қосымша тағам өнімдерінің аллергендігі төмен болуы тиіс. Мұндай өнімдерге мыналар жатады:
• көкөніс езбесі — кәді, брокколи, гүлді орамжапырақ;
• ботқалар — күріш, қарақұмық, жүгері;
• ез езбесі — үй қояны, күркетауық;
• жеміс езбесі — алма (жасыл түсті сұрыптар), алмұрт, қараөрік.
Негізгі (гипоаллергенді) өнімдерді енгізгеннен кейін аллергендігі төмен өнімдерді енгізуді бастауға болады: бидай ботқасы; ашық түсті көкөністер — самсар, брюссель орамжапырағы, бұршаққынды үрмебұршақ, жасыл бұршақ және картоп. Төмен аллергенді ет сұрыптарына жылқы еті, марал еті жатады. Әрі қарай жеміс-жидектерден ақ және қызыл қарақат, сары және қызыл шие, банан, алша, жасыл қарлыған енгізуге болады.
Аллергия белгілерінің пайда болуын немесе рецидивін төмендету үшін аналарға «тамақтандыру күнделігін» бастауды, сондай-ақ күн сайын бала терісінің күйін және оның асқорытуын бағалауды ұсынамыз. Кез келген өзгерістер орын алған жағдайда ол өнімді беруді тоқтату керек.
Ең бастысы! Баланы тамақтандыру рационын дұрыс таңдау үшін және дұрыс күтім жасау үшін аллергиялық реакциядан еш қорқудың қажеті жоқ! Сонда ана да, бала да бақытты болады!
Абдуллаева Г.М., Доцент КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова
Егер баланың туыстарында аллергия немесе оның белгілі бір белгілері болса, демек, бала оның асқынуы жағынан жоғары қауіпті топқа енеді. Мұндай жағдайда аурудың асқынуының алдын алу үшін кем дегенде, алғашқы 6 айында ана сүтімен емізу керек. Сонымен қатар бала емізетін ана рационынан жоғары аллергенді өнімдерді (сүт, жұмыртқа, балық, жаңғақ, теңіз өнімдері, цитрус өнімдері, саңырауқұлақ, кофе, шоколад) шығарып тастауы керек. Ал егер ана сүті жеткіліксіз болса немесе мүлдем болмаса, баланы тамақтандыру кезінде жартылай гидролизденген сүт ақуызы негізді гипоаллергенді профилактикалық қоспаларды пайдалану керек.
Мұндай балаларға қосымша тағамды енгізудегі ең басты қағида – аптасына 1 өнімнен аспайтын монокомпонентті өнімдерді беру керек. Қосымша тағамды 6 айдан бастап беруге болады. Қосымша тағамды ремиссия кезінде енгізу керек.
Сәбидің аллергиясын емдеу кезіндегі ең басты қадам – диета арқылы емдеу, бұл тамақтан болған аллергияны шеттетуге көмектеседі. Ауру жеңіл өтсе, баланың рационынан аллерген болып табылатын өнімдерді алып тастаған жөн.
Емшек еметін балалардың тамақтан болған аллергиясын диета арқылы емдеудің негізгі тәсілдері:
Емшек емізуді жалғастыру.
Бала емізетін ананың рационынан сүтті және сүтқышқылды өнімдердің бәрін, сиыр еті мен бұзау етін, сондай-ақ жұмыртқа, жаңғақ, жержаңғақ, теңіз өнімдері, балық, соя, саңырауқұлақ, бал, шоколад, кофе, какао, цитрус өнімдері, тропикалық жемістер, сорпа, маринад, ащы тағамдар, консерві, ысталған өнімдер, татымды заттар, газдалған сусындар, ашытылған орамжапырақ, пияз, сарымсақ, шомыр, шалғам, ферменттелген ірімшіктер, ветчина, жіңішке шұжық... алып тастау керек.
Егер ана сүті жеткіліксіз болып, қосымша тағамды пайдалану керек болса, дәрігердің ұсынысы бойынша жоғары гидролизденген ақуыз негізді немесе амин қышқылдары негізді арнайы қоспалар ғана пайдаланылады.
Емшек ембейтін балалардың тамақтан болатын аллергиясын диета арқылы емдеудің негізгі тәсілдері:
1. Баланың рационынан сиыр және ешкі сүті негізді барлық сүтті және сүтқышқылды өнімдердің бәрін алып тастау.
2. Негізгі қоспа жоғары гидролизденген ақуыз негізді арнайы қоспа болуы тиіс. Бұл қоспалар жеңіл және ауырлығы орташа атопиялық дерматит түрлері кезінде қолданылады.
Сиыр сүтінің ақуызынан болатын аллергия тері белгілерімен қатар гастроинтестинальді белгілер арқылы көрініс табатын, балаларға арналған арнайы қоспалар да бар.
Аллергияның белгілері ауыр болған кезде амин қышқылдары негізді қоспаны пайдалану ұсынылады. Емдік қоспалар 6 айға, ал қажет болған жағдайда одан да ұзақ мерзімге белгіленеді, әрі қарай біртіндеп Гипоаллергенді қоспаға (кемінде 2 ай), әрі қарай негізгі қоспаға ауыстыру мүмкіндігі бар.
3. Егер баланың жағдайы жақсармаса, 2 аптадан кейін амин қышқылдары негізді қоспамен тамақтандыру керек, бұл қоспаны да қысқа уақыт аралығында, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады.
4. Соя ақуызы негізді қоспаларды пайдалануға шектеу қойылған және аллергияның ауыр емес белгілері кезінде 6 айдан асқан балаларға белгіленеді.
Баланың дені сау болу үшін бала емізетін аналар өзінің диетасына жауапты болуы тиіс. Ал егер бала емшек ембесе, тамақтан болатын аллергия мәселелеріне жол бермес үшін педиатрдың кеңестеріне құлақ салуы қажет.

Аллергиясы бар балаларға қосымша тағамды кейінірек бере бастау керек деген пікір бар, десе де бұл қате пікір. Дені сау балалар сияқты мұндай балаларға да қосымша тағамды 6 ай кезінде бере бастаған маңызды. Қосымша тағамды кейінге қалдыру (6 айдан кейін) аллергияға оң әсер етіп, маңызды микро, макро элементтердің тапшылығын тудыруы мүмкін, бұл бойының өсуін және баланың дамуын баяулату сияқты тапшы жағдайлардың қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ анағұрлым қою тағамды шайнау және жұту дағдыларын қалыптастыруды баяулатуға әкеп соғады. Қосымша тағам өнімдерін енгізу аурудың ремиссия кезеңінде, яғни оның негізгі белгілері бәсеңдеген кезде басталады, сондықтан да нақты мерзімі аллергия ауруының ауырлығына байланысты әр бала үшін жеке белгіленеді.