Nutrilon

Емшек емізу туралы

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Емшек сүтінің құрамы ерекше, жан-жақты және өте қызық. Бұл біздің зерттеуімізге 40 жыл бойы шабыт берген. Оның құрамын неғұрлым көбірек білген сайын, оның күтпеген және таңғаларлық қасиеттері ашылуда.

Сізді таңғалдыратын 7 керемет факт:

Емшек сүтіңіз бірегей.

Оның құрамы тамақтану режимі, гормоналды фоны, генетикасы, қоршаған ортаға әсері және сіздің, балаңыздың қажеттіліктері сияқты әртүрлі факторлармен анықталады.

Балаңыз сіздің ғана сүтіңіздің иісін біледі

Сіздің сүтіңіз сәбиді іздеуге итермелейді2. Бір қызығы – жаңа туылған нәрестелер сіздің сүтіңіздегі ақпаратты сезе алады және өңдей алады3.

Емшек сүті баланы ұйықтатуы мүмкін

Әйелдер организміндегі гормондардың деңгейі, сондай-ақ ана сүтіндегі гормондардың деңгейі бір күнде өзгеруі мүмкін. Бұл дегеніміз, мысалы, кешке сүтіңіз баланы ұйықтататын гормондар береді.

Емшек емізу «махаббат гормонының» деңгейін көбейтеді.

Емшек емізу кезінде ана мен бала арасындағы «тері мен терінің» жанасуы сүйіспеншілікке ықпал етеді, сондай-ақ ғалымдар емшек емізген кезде окситоциннің деңгейі көтерілетінін анықтаған.

Емшек сүті болашақта бала денсаулығының мықты болуына көмектеседі.

Ана сүтінің құрамында зиянды бактерияларға қарсы антиденелер бар6. Бұл атопиялық дерматит/экзема, демікпе, аллергия және семіру сияқты аурулардың асқыну қаупін төмендетуі мүмкін, ал ұзақ уақыт емшек емізу өмір бойы жүрек ауруларының асқыну қаупін төмендетуге әсер етуі мүмкін.

Ана сүті өмір бойы дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыруға әсер етеді

Сіз жеген тағам тікелей емшек сүтіне әсер етуі мүмкін10-13. Емшек емізген кезде жейтін өнімдер емшектен шығарған кезде және одан кейінгі кезеңде баланың дәміне әсер етуі мүмкін.

Ана сүті құрамы жағынан ұлдар мен қыздарға өзгеше болуы мүмкін.

Біле-білсеңіз, қыздарға қарағанда, ұлдар ана сүтін көбірек емеді екен16,17. Таңғаларлығы – ұлдардың аналарының сүті қыздардың аналарына қарағанда 25%-ға көбірек калориялы екен.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер:

  • 1) Nishitani Setal.Ана сүтінің хош иісінің жаңа туылған сәбиді жайландыратын әсері. NeurosciRes2009;63:66-71.
  • 2) PorterRH, WinbergJ. Ана сүтінің хош иісінің жаңа туылған сәби үшін бірегей әрі ерекше өзгешеліктері. NeurosciBiobehavRev 1999;23(3):439-49.
  • 3) SchaalBetal. Өмірінің бастапқы кезеңіндегі иіс сезу танымы: иіске деген талғамалы сезімталдылықты перинатальді қалыптастыру. SchaalB (ed).Иіс сезу, дәм және таным. WestNyack, NY (U.S.A.):CambridgeUniversityPress, 2002.
  • 4) SánchezCLetal. Ана сүті нуклеотидтерінің ұйқы стимуляторы ретіндегі ықтимал рөлі. NutrNeurosci 2009;12(1):2-8.
  • 5) Uvnäs-MobergKetal. Бала емізетін әйелдердің окситоцин және пролактин деңгейлері. Сүт шыққаннан кейінгі арақатынастылық және емшек емізудің ұзақтығы. ActaObstetGynecolScand1990;69:301-6.
  • 6) ChiricoGetal. Ана сүтінің инфекцияға қарсы қасиеті. JNutr 2008;138(9):S1801-6.
  • 7) Unicef [Online]. Ашуға болатын мекенжай: www.unicef.org.uk/BabyFriendly/News-and-Research/Research/Allergy [2015 ж. қараша айынан бастап ашық].
  • 8) Unicef.Diabetes [Online]. Ашуға болатын мекенжай: www.unicef.org.uk/BabyFriendly/News-and-Research/Research/Diabetes [2015 ж. қараша айынан бастап ашық].
  • 9) SchwarzEBetal. Лактация ұзақтығы және ананың жүрек-қантамыр ауруларының асқыну факторлары. ObstetGynecol 2009 May;113(5):974-82.
  • 10) ValentineCJetal. Мерзімінен бұрын туылған балаларға арналған пастерленген донорлық сүт құрамындағы докозагексаен қышқылы мен амин қышқылдарының төмен мөлшері. JPediatr 2010;157(6):906-10.
  • 11) SaarelaTetal. Бала емізудің алғашқы алты айындағы ана сүтінің құрамында болатын макроэлементтер мен энергетикалық құрамы.ActaPaediatr 2005;94(9):1176-81.
  • 12) KentJCetal. Бір күндегі ана сүтінің мөлшері мен емізу жиілігі, ана сүтінің құрамындағы майдың мөлшері. Pediatrics 2006;117(3):e387-95.
  • 13) HollisBWetal. Ана сүтіндегі және мүйізді ірі қара мал сүтіндегі D дәруменінің қосылыстары. AdvancesNutRes 1982;4:49-75.
  • 14) BeauchampGK, MennellaJA. Балалардың дәм мен хош иісті қабылдауы: дамуы және функционалды маңызы. Digestion 2011;83(Suppl 1):1-6.
  • 15) MennellaJAetal. Сәбилердің дәм сезу қабілетін пренатальді және постнатальді зерттеу. Pediatrics 2001;107(6):E88.
  • 16) MichaelsenKFetal. Тамақтану және өсіп-жетілу: ана сүтін тұтыну, ана сүтінің құрамындағы нәрлі макроэлементтердің мөлшері және ықпал ететін факторлар. AmJClinNutr1994;59:600-11.
  • 17) ButteNFetal. Емшек емізу режимі ертерек өсіп-жетілуге және дене тіндерінің құрамына ықпал етеді. Pediatrics 2000;106(6):1355-66.
  • 18) ThakkarSKetal. Сингапур қ. өмір сүретін әйелдердің липид құрамына баса назар аудара отырып, сүт беретін организміндегі нәрлі заттар құрамының қарқыны. AmJHumBiol2013;25:770-9.
  • 19) PoweCEetal. Сәбидің жынысы ана сүтінің энергетикалық құрамын анықтайды. AmJHumBiol 2010;22(1):50-4.

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың тамағы.

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті неге жақсы

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Емшек емізу жөніндегі нұсқаулықтар

Связаться