Nutrilon

Емшек емізу туралы

Емшектен бас тарту: бұл не және не істеу керек.

Сәби емшек емуден өте сирек өз бетімен бас тартады. Көбінесе бас тартудың себебі анасының қателіктерінде жатады:

  • Қосымша тамақтандыруды орынсыз ерте енгізу.
  • Бос емізіктер мен шишаларды пайдалану.
  • Ананың жиі кетіп қалуы, балақай басқа адамдармен қалады.
  • Дөрек күтім: суық сумен шынықтыру, қатқыл массаж және гимнастика, шулы ойындар.
  • Қонақтардың жиі келуі немесе қонаққа жиі бару.
  • Анасының күйгелек көңіл-күйі, отбасындағы жанжалдар.
  • Сүт безіндегі осал емізік және гиперлактация. Сәби сүттің қатты шапшуынан жұтып үлгермейді және шашалады.

Бас тарту былай бөлінеді:

  • емуден түгелдей бас тарту
  • бір сүйікті безді таңдау
  • ұйқылы күйде ему

Емшектен бас тарту кезінде не істеу керек?

  • Балақай емуден бас тартатын және жылайтын уақытта міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз. Бәлкім, сәби ауырып қалған болар. Құлақтары ауырған, мұрны бітелген және басы ауырған кезде балақай еме алмайды. Емдеуден кейін емуге ынта қалпына келеді.
  • Сәби сүйікті безін таңдайды және онда сүт қиынырақ шығатын екіншісінен бас тартады. Нәтижесінде сүйікті бездегі лактация күшейеді, ал екіншісінде бәсеңдейді. Оның дегеніне көнбеуге және сүймейтін емшекті жиірек тосуға тырысыңыз. Ондағы лактация жылдам қалпына келеді.
  • Сәби тек ұйқылы күйінде емшек еметін уақытта, ол анасына сенімнен айырылған. Балақайдан ұзаққа алыстамауға тырысып көріңіз, қасында ұйықтаңыз.
  • Үйде жайлы жағдаят жасаңыз, қонақ шақырудан және «спартандық» шынықтыру әдістерінен бас тартыңыз.
  • Егер балақай оны ему механизмі емшек емуден өзгеше шишаны немесе бос емізікті еміп көрсе, ол емізіктің пайдасына жиі таңдау жасайды. Мен сәбиді емізікпен таныстырмауға, ал ол қажет болған жағдайда, қосымша тамақты қасықпен немесе тостағаннан беруге кеңес беремін.
  • Сүт емізіктен қатты шапшитын кезде, емізудің алдында аздап сүзіп немесе шалқалап жатып емізіп көріңіз. Балақан сондай қалыпта емген уақытта, ол шашалмайды.
  • Мамандардың көмегіне жүгініңіз және сіз міндетті түрде бәрін еңсересіз.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер:

  • Мақаланың авторы: Никитина Елена Брониславна - м.ғ.к., доцент, АИСТ Отбасын қолдау орталығының Директоры; +7 (701) 311 00 86; +7 (727) 328 18 48

Сондай-ақ мыналарды оқыңыз:

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Ана сүтінің 7 ғажайып қасиеті

Бала емізетін ананың тамағы.

Бала емізетін ананың тамағы.

Ана сүті неге жақсы

Ана сүті неге жақсы

Связаться